jasqazaq.kz

Сот Қарағанды әкімінің экс-орынбасары Жақсылық Шалабековке үкім шығарды

08 маусым 2021, 17:18

Қарағанды ​​қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Жақсылық Шалабеков қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, бір жарым жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz.

Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық соты Жақсылық Шалабеков пен кәсіпкер Ермек Қасеновке қатысты үкім шығарды. Сотталушылар Қарағанды қаласының оңтүстік-батыс ауданында екі көп қабатты үйдің құрылысына бөлінген 120 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталды.

Сот олардың айыптауларын қайта саралап, Жақсылық Шалабековты тек қызмет бабын теріс пайдаланғаны үшін, ал Ермек Қасеновты алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Сот шешімімен Жақсылық Шалабеков 1,5 жылға түрмеге қамалды. Ал Қасеновты 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды.

«Шалабеков пен Қасенов, сондай-ақ басқа да тұлғалар арасындағы алдын ала сөз байласу арқылы 120 миллион теңгені жымқыру және иемдену фактісі сот тергеуі барысында расталмады. Сот сотталушыларды айыптауды қайта бағалады», — деді судья Саян Аққожин.

Сот Жақсылық Шалабековтың мердігерлік компаниямен қосымша келісімдер жасасып және құрылыс-монтаждау жұмыстары басталмағанына қарамастан, оларға 120 миллион теңге мөлшерінде аванстар беріп, өзінің қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланғанын анықтады. Ал Ермек Қасенов құрылыс салушы компанияның басшысы болмағанына қарамастан, алаяқтық жолымен аталған сомадан 50 миллион теңгеден астам ақшаны жымқырған.

«Ж. Шалабековке жаза тағайындау кезінде сот мемлекетке келтірілген залалды өтеу фактісін, сотталушының жасын (61 жас) және жас балаларының болуын ескерді. Кәсіби антын бұзған адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы кінә мен жазаны ауырлататын мән-жай деп танылады. Е.Қасеновке жаза тағайындау кезінде сот мемлекетке келтірілген залалды өтеуді, үш жас баланың болуын ескерді. Кінәні ауырлататын жағдайлар анықталған жоқ», — деп толықтырды судья Саян Аққожин.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде