jasqazaq.kz

Сот Каспий құбыр консорциумының қызметін 30 тәулікке тоқтатты

06 шiлде 2022, 10:22

Новороссийскінің Приморск аудандық соты құжаттық заң бұзушылықтар үшін «КТК-Р» компаниясының қызметін 30 тәулікке тоқтатты. Бұл туралы Ресейдің ТАСС агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Каспий құбыр консорциумы баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот мұнайдың апаттық жағдайда төгілуін анықтаған.

Сот шешімімен келіспейтін Каспий құбыр консорциумы қайта шағымдануға ниетті.

«КТК-Р» АҚ қызметін тоқтата тұру бойынша қарсылықтарды жіберу мақсатында істі қарауды кейінге шегеру туралы өтінішті сот қанағаттандырусыз қалдырды. Соттың 2022 жылғы 5 шілдедегі қаулысымен Ространснадзордың талаптары қанағаттандырылды: «КТК-Р» АҚ қызметін 30 тәулікке әкімшілік негізде тоқтата тұру түріндегі жаза тағайындалды», — деп хабарлады компания.

Бұған дейін Каспий құбыр консорциумының мұнай тасымалдайтын 2 құрылғысы жұмысын уақытша тоқтатқаны туралы хабарлаған едік.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде