jasqazaq.kz

Сот Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін тағы да ұзартты

14 шiлде 2021, 16:48

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Елжан Біртановты үйқамақта ұстау бұлтартпау шарасының мерзімін 14 қыркүйекке дейін ұзартты. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

Бір ай бұрын Денсаулық сақтау министрлігінің экс-басшысын үйқамақта ұстау мерзімі 14 шілдеге дейін ұзартылған болатын. Бүгін осы мерзімнің аяқталуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының судьясы Алмат Бабатов тараптардың уәжін тыңдап, шешім шығарды.

«Күдікті Елжан Амантайұлы Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін қылмыстық істің материалымен танысу кезеңінде – 2 айға, яғни 2021 жылдың 14 қыркүйегі, сағат 21.56-ға дейін ұзарту туралы ұсынымды мақұлдау туралы шешім қабылдады. Үйқамақта ұстау шартын өзгерту бөлігінде, нақты айтсақ, баспанадан шығуға, телефонмен сөйлесуге, отбасы мүшелерімен басқа адамдардың бәрімен араласуға толықтай тыйым салу, күдіктінің сыртынан бақылау қою туралы ұсынымнан бас тартылды», — деген судья тараптар сот қаулысына 3 тәулік ішінде қарсы шағым берруге құқылы екенін айтты.

Еске салсақ, бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бюджет қаражатын ысырап етті деген күдікпен қамауға алынған еді.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия