jasqazaq.kz

Сот бизнесмен Қайрат Жамалиевті мерзімінен бұрын босатудан бас тартты

10 қазан 2017, 23:46

Сотталған бизнесмен Қайрат Жамалиевке қатысты сот өтелмеген жаза мерзімін жеңілдетілген жаза түріне ауыстырудан бас тартты. Қапшағай қалалық сотының шешімі өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды BNews.kz сайтына сілтеме жасап stan.kz.

«Сотталушының жазасын жеңілдетуден бас тарта отыра сот әкімшілік мекеменің сотталушыға қатысты дәлелді айғақтардың жеткіліксіздігі туралы оқыды. Заңға сәйкес, жаза әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру үшін тағайындалады. Сондықтан сот осы мерзім іщінде қоғамдық әділдік орнады деген шешім жасай алмады», – деді Алматы облыстық соттың баспасөз қызметіндегілер.

Бұған дейін 13 жылға сотталған бизнесмен Жамалиевтің биыл тамыз айында бостандыққа шығуы мүмкін екендігі туралы ақпарат жарық көрген еді.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін де ҚР Ішкі істер министрлігі Қайрат Жамалиевтың түрмеде ВИП камерада отырғандығы туралы ақпаратты жоққа шығарған болатын.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде