jasqazaq.kz

Сот Бишімбаевтың босап шығуын түсіндірді

11 қазан 2019, 15:43

Бүгін Шымкент қаласының түрмесінде жазасын өтеп жатқан Қуандық Бишімбаев бостандыққа шықты.

Бұрынғы ұлттық экономика министрін мерзімінен бұрын босату туралы қаулыны Абай аудандық сотының судьясы Марат Шәріпов шығарған. Аталған соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Қуандық Бишімбаев Қылмыстық процессуалдық кодекстің 72-бабы бойынша жазасын өтеп жатқан. «Ол жазасын өтеу мерзімінің екіден бір бөлігін өтеп қойған және 167/3 түзеу мекемесінің басшылығы оған жақсы мінездеме берген. Осы жайттарды ескерген судья Қылмыстық процессуалдық кодекстің 476, 480 және 483 баптарын негізге ала отырып, сотталған Бишімбаевты 1 жыл 3 ай 13 күн бұрын босату туралы қаулы қабылдаған» делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. Айта кетейік, бұл қаулы 25 қыркүйек күні қабылданып, кеше 10 қазан күні күшіне енген. Осы қаулыға орай бүгін Қуандық Бишімбаев түрмеден босап, бостандыққа шықты.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда