jasqazaq.kz

Сот Бақытгүл Хаменованың қамауға алынуын түсіндірді

23 желтоқсан 2021, 15:21

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі Бақытгүл Хаменованы екі айға қамауға алу шешімін түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Прокурор өтініші бойынша Атырау облыстық сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Атырау қалалық мамандандырылған тергеу сотының 12 желтоқсандағы облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованы үйқамаққа алу туралы шешімі күшін жойды. Жаңа қаулы бойынша, Хаменова екі айға қамауға алынды.

«Сот алқасы Хаменованың санкциясы бойынша жеті жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған аса ауыр сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық (ҚК-ның 366-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы) жасады деген күдікке ілінгенін ескерді. Бұл процеске қатысушыларға және істі объектив тергеп-тексеруге қысым көрсетуі мүмкін», — деді соттың баспасөз қызметі өкілдері.

Бұған дейін ірі көлемде пара алды деген күдікпен үйқамаққа алынған Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова тұтқындалып, екі айға уақытша ұстау изоляторына қамалғаны хабарланған болатын.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр