jasqazaq.kz

Сот Бақытгүл Хаменованы неліктен үй қамағына алу туралы шешім қабылданғанын айтты

13 желтоқсан 2021, 11:24

Атыраутың мамандандырылған тергеу соты облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованы неліктен үй қамаққа алу туралы шешім шығарғанын түсіндірді. Бұған дейін шенеунік ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталған болатын.

Еске салайық, Хаменова ұсталғанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі оны тергеу кезінде қамауда ұстауды соттан сұраған еді. Судья бұл өтінімді қабылдаған жоқ.

Сот Хаменованың жалғызбасты әйел екенін, тұрғылықты мекен-жайы Атырауда екенін, құқық қорғау органдарынан жасырынбағанын, бұрын сотталмағанын, кәмелетке толмаған екі баланы асырап отырғанын, қарауында қарт анасы бар екенін ескере отырып, оны үй қамақта ұстау туралы шешімге келген.

«Сонымен қатар, қылмыстық тергеу тобымен сотқа күдіктінің бостандықта отырып тергеу ісіне ықпал ете алатыны туралы бірде-бір дәлел келтірілмеген. Оның басқа жаққа қашып кететінін дәлелдейтін де бірде-бір факт жоқ», — делінген Атырау қалалық мамандандырылған тергеу тобының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, өткен аптада Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев пара алды деген күдікпен ұсталған болатын.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр