jasqazaq.kz

Сот: Атыраулық әйел төрт айлық баласын 38 жерден пышақтаған

29 қыркүйек 2021, 21:57

Атырауда төрт айлық баласын пышақтап өлтірген безбүйрек ана сот алдында жауап бере бастады. Сот сараптамалық зерттеу нәтижесінде қатыгез келіншек сәбиін 38 жерден пышақтағаны анықталды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Ал күдіктінің күйеуі: «Әйелім босанған соң психикалық ауытқу байқалды» дейді. Тіпті сәбиі жылаған кезде көзіне елес көрінетінін жиі айтқан. Әйелін емшіге көрсеткенімен, дертіне дауа таппапты. Нұрболат Әбілов прокурор: — Нәрестенің өлімі жүрек қабығын жарақаттауымен, оң жақ қабықшасын жарып өткен. Кеудесін тесіп өткен. Өлім – түйреп тесілген жарақат салдарынан, жүректің қансырауынан болғаны анықталды. Бес ай бойы тергелген күдікті бүгінгі сот отырысына қатыса алмады. Өйткені 42 жастағы әйел психологиялық диспансерде қатаң бақылауда жатыр. Ондағы мамандар әйелдің диагнозын сот отырысы аяқталғанша айтуы тиіс. Дәрігерлер осы күнге дейін науқастың бауыр еті – баласын іздеп немесе өткен іске өкінген әрекетін байқамаған. «Бірақ жағдайы әзірге тұрақты» — дейді ақ халаттылар. Сәуір айында Көптоғай ауылының тұрғыны төрт айлық сәбиін үйінде пышақтап өлтірген. Ол жолдасы аудан орталығына кеткенде осындай қылмысқа барыпты. Дамир Қожамтаев, Атырау облысы психикалық денсаулық орталығы директорының орынбасары: — Қазір ол әйел сот шешімімен тамыздың 20-сынан бері бізде емделуде. Оның диагнозы әзірге дәрігерлік құпия болып саналғандықтан, айта алмаймын. Бірақ жүйке-жүйесінде ауытқу бары жасырын емес. Сот шешімі шықса, науқас әйелді Алматыға емге жіберуіміз мүмкін. Әзірге бақылауда ұстап отырмыз.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия