
Сооронбай Жээнбеков Қырғызстан үкіметі мен премьер-министрі Кубатбек Бороновтың отставкаға кетуі туралы жарлыққа қол қойды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.
«Жарлық қол қойылған сәттен бастап күшіне енді», — деп хабарлайды Жээнбековтың баспасөз қызметінднгілер.
Үкімет министрлер кабинетінің жаңа құрамы құрылғанға дейін өз міндеттерін атқара береді.
«Жарлыққа сәйкес, премьер-министр, бірінші вице-премьер-министр, вице-премьер-министрлер, үкімет мүшелері лауазымдарын атқарған адамдар үкіметтің жаңа құрамы қалыптасқанға дейін бұрын атқарған қызметтеріндегі міндеттерін орындауды жалғастырады», — деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.