ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан көз жұмғандар статистикасын жариялады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Оған сәйкес 13 шілде күні Қазақстан аумағында 45 адам — коронавирустан, тағы 12 адам — пневмониядан қайтқан.
Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Нұр-Сұлтан қаласында тіркеліп отыр — 16 науқас.
Қарағанды облысында — 10, Атырау және Маңғыстау облыстарында — 5 адамнан, Шымкент қаласында — 3, Батыс Қазақстан облысында — 2, Алматы қаласы, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында — бір адамнан қайтыс болған.