jasqazaq.kz

Соңғы кандидат тіркелді

06 мамыр 2019, 12:41

Орталық сайлау комиссиясы Әміржан Қосановты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидет ретінде тіркеді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Әміржан Сағидрахманұлы Қосановты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы қаулы қабылдады. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 8) тармақшасына, 59-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Әміржан Сағидрахманұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркелсін. 2. Әміржан Сағидрахманұлы Қосановқа Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың куәлігі берілсін. 3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының бюджетті жоспарлау және атқару бөлімі «Қазақстан Халық жинақ банкі» акционерлік қоғамына арнаулы уақытша шот ашу үшін Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Әміржан Сағидрахманұлы Қосановтың тіркелгені туралы мәліметтерді ұсынсын. 4. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының бұқаралық ақпарат құралдарымен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл бөлімі Әміржан Сағидрахманұлы Қосановтың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркелгені туралы қоса беріліп отырған хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде