jasqazaq.kz

«Сонар-2019» турнирінің жеңімпаздары анықталды (фото)

12 желтоқсан 2019, 14:43

Қансонарда бүркітші шығады аңға,

Тастан түлкі табылар аңдығанға.

Жақсы ат пен тату жолдас — бір ғанибет,

Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға ,- деп дана  Абай атамыз жырлағандай,
Райымбек ауданы Қайнар ауылы Лабасы тауының етегінде қыран құсын баптаған бүркітшілердің халықаралық «Сонар — 2019» турнирі өтті. 3 күнге созылған жарыста, турнир қонақтары қазақ  ұлтының ежелден келе жатқан саятшылық дәстүрінің әсерлі көріністерін тамашалады.

 

Бүркітшілер жарысына елдің әр аймағынан 40 құсбегі мен көршілес Қырғыз, Қытай, Моңғолиядан да он шақты қандасымыз қатысты. Салтанатты шараның  ашылуында Райымбек ауданының әкімі Нұржан Құдайбергенов, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев, мемлекет және қоғам қайраткері Бақыт Оспанов, «Сонар — 2019» халықаралық турнирінің бас бапкері Бағдат Мүмтекеқызы сөз алып бүркітшілер турнирінің мақсаты мен жоспарын атап өткен болатын.

Қайнар ауылының Мәдениет үйінде журналистермен кездескен Сонар-2019 турнирінің ұйымдастырушылары БАҚ өкілдерінің бірқатар сауалдарына жауап берген болатын. Жиында бүркітшілік дәстүрді дамыту, статус берусынды мәселелер көтерілді. Жиын соңында аудан өнерпаздары өнер көрсетіп, жырдан шашу шашты.

Үш күнге созылған тартысты турнирдің нәтижесінде Алматы қаласынан келген құсбегі Ғабит Таңаттың «Өткір» атты бүркіті топ жарып, 1 орынды иеленді.

Оған 500 мың теңге сыйлық, арнайы диплом берілді. Сонымен қатар Лашын, Ителгі, Қыран Бүркітін баптаған Қуанышбай Бекнияз, Байетбай Сағыныш,Сейітжан Бексұлтан, Қошқаров Арман (Атырау облысы), Шәріпов Медет (Алматы облысы) сынды азаматтар да жүлделі орыннан көрінді.

Мақпал Ноғайбаева

фото: Нұргүл Жамбылқызы

 

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда