jasqazaq.kz

Солтүстікте жолаушылар автобусы өртке оранды

21 шiлде 2018, 17:22

Солтүстік Қазақстан облысында жолаушылар автобусы түгі қалмай жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

«21 шілде күні сағат 12:13-те Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында «Көкшетау-Рузаевка» автожолының 64 шақырымында «Аврора» КАВЗ маркалы рейстік автобусы өртенді. Автобустың қозғалтқыш бөлігінде тұтанған от салонға жетіп, өрттің жалпы аумағы 14 шаршы метрді құрады», — деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов. Сағат 12:33-те өрт ауыздықталып, 12:28-де толығымен сөндірілген. Салон ішінде 20 жолаушы болған және олардың ешқайсысы өрттен зардап шеккен жоқ. «Алдын ала болжам бойынша, қозғалтқыш бөлігіндегі электр сымдары қысқа тұйықталып, өрт тұтанған болуы мүмкін. Төтенше жағдайды жоюға өрт сөндіру қызметінің сарбаздары мен техникасы жұмылдырылды», — деді Руслан Иманқұлов.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді