jasqazaq.kz

Солтүстікте күн суытып, жауын-шашын болады

08 тамыз 2018, 12:12

Алдағы үш күнде жаңбыр жауып, күн күркірейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

9-11 тамыз аралығында Карск теңізі аудандарынан суық, ылғалды арктикалық ауа келеді. Осыған байланысты Қазақстанның солтүстік және орталық аймақтарында жаңбыр жауады. Ал 11 тамызда осы өңірлермен қоса еліміздің шығысында да жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде күн қатты күркірейді және екпінді жел соғады, бұршақ түсуі мүмкін. Солтүстік, орталық аймақтарда ауа температурасы түнде 7-17 градусқа дейін салқындап, күндіз 15-23 градус жылы болады. Республиканың қалған аумағында ауа температурасы бұрынғы қалпында сақталады. Кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады. 11 тамызда еліміздің оңтүстігінде кей жерлерде жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады. Бұршақ жаууы мүмкін.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді