jasqazaq.kz

Солтүстікте көктемгі су тасқыны басталды

03 сәуiр 2020, 16:23

Солтүстік Қазақстан облысында көктемгі су тасқыны басталды. Ғ.Мүсірепов ауданындағы Мұқыр өзенінде бір тәулікті су деңгейі бірден 145 см көтерілді. «Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мәліметінше, Иманбұрлық, Ақанбұрлық, Бабықбұрлық, Мұқыр өзендерінде су деңгейі бір тәулікте 50-145 см аралығында көтерілген. Ғ.Мүсірепов ауданындағы Тоқсан би және Крещенка елді мекендерінің маңында Есіл өзенінің деңгейі 54 см артты. «Сергеев су қоймасында су деңгейі 23 наурыздан бастап көтеріле бастады. Бүгін сағат 11.00 шамасында бөгеттің қырынан 27 см шамасында асып ағып жатыр. Осы күнге дейін ондағы су деңгейі 68 см көтерілді», — дейді «Қазгидромет» РМК СҚО филиалы директорының орынбасары Наталия Левина. Маманның айтуынша, Петропавл қаласына су тасқыны шамамен 10-12 күннен кейін келеді. Алайда, 2016-2017 жылдардағы жағдай қайталанбайды. «Облыс үлкен аумақты алып жатыр. Қазір оңтүстік аудандарда – Ғ.Мүсірепов пен Айыртауда басталды. Екі аптаның ішінде өтеді деп ойлаймыз. Үлкен су Петропавлға барады. Былтырғы жылмен салыстырғанда ауқымды болады деген болжам бар. Сергеев су қоймасынан 1,5-2 метрге дейін су асып төгіліп өтеді деп ойлаймыз», — дейді Наталия Левина.

 

Бүгін, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді