jasqazaq.kz

Солтүстіккореялық жастардың әрекеті (видео)

13 ақпан 2018, 11:48

Twitter желісінде Солтүстік Кореядан Пхенчханға Олимпиада ойындарында отандастарына жанкүйер болуға барған қыздардың әрекеті талқыланып жатыр.

Tengrinews.kz  хабарлағандай, қолданушылар корей тілінде ән салып отырған қызыл киімдегі жанкүйерлер командасының жүйкені қоздыратынын жазып жатыр. Сөйтсек, солтүстіккореялық қыздардың қол шапалақтап бір мәнермен қимылдап, өз тілінде ән айтып отырғандарын олармен қатар отырып қалған жұрт видеоға түсіріп, желіде жариялапты. Қыздардың бір мәнермен қолдау білдіріп отырғаны кейбір қолданушының ашуын да келтіріпті. «Өмірімде көріп отырған ең жабайы дүние! Олимпиададағы солтүстіккореялық қолдау», — деп жазады қолданушылардың бірі. Солтүстіккореялықтардың бұл әрекеті тіпті жарыс кезіндегі үзілісте орындалатын ән кезінде де тоқтамайды екен. Әлеуметтік желілерде таралып жатқан видеолар бір сәтте вирусқа айналып, тез тарап кеткен. Айта кетейік, Пхенчхандағы Олимпиадаға Солтүстік Кореядан 10 спортшы қатысып жатыр. Ашылу салтанатында КХДР мен Оңтүстік Корея спортшылары бір тудың астында шыққан.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық