jasqazaq.kz

Солтүстік пен шығыста жаңбыр жауады

02 ақпан 2021, 18:12

3 ақпанда Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман, бұрқасын және желге байланысты ескерту жарияланды. Ал елдің шығысы мен солтүстігінде жаңбыр аралас қар жауады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК орталығына сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

3 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаңбыр, қар жауатыны хабарланды. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады, күндіз екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді.

СҚО-да 3-4 ақпанда жаңбыр мен қар жауады. Сонымен қатар, өңірде тұман, көктайғақ, бұрқасын, секундына 23-28 метрге дейін жел болжанды.

Қарағанды облысында 3-і қатты жел мен көктайғақ болады.

Қостанай және Ақмола облыстарында бұл күні тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.

3 ақпанда тау баурайында Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде қар көшкіні жүруі мүмкін. Осыған байланысты тік қарлы беткейлерге шығуға кеңес берілмеді.

Ал Түркістан облысында 3-5 ақпанда тұман сақталады, Жамбыл облысында ол 3 ақпанда күтіледі.

БҚО мен Ақтөбе облысында тұман түсіп, көктайғақ болады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде