Солтүстік Корея тағы да баллистикалық зымырандар ұшырды

06 қазан 2022, 15:06


Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай тағы екі баллистикалық зымыран ұшырды. КХДР СІМ мәлімдегендей, Пхеньян АҚШ пен оның одақтастарының Корей түбегі аймағындағы әрекеттеріне байланысты өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

Соңғы күндері Солтүстік Кореяның зымыран ұшыруынан кейін аймақтағы жағдай ушығып кетті. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысында АҚШ-тың тұрақты өкілі Линда Томас-Гринфилд Пхеньянға қатысты санкция режимін күшейтуге шақырды.

«Біз БҰҰ-ға мүше барлық мемлекетті, әсіресе Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерін ақылға сыймайтын осы әрекетті айыптауға қосылуға және КХДР-ды өзінің заңсыз қару-жарақ бағдарламаларынан толық, тексерілетін және қайтымсыз түрде бас тартуға, сондай-ақ ядролық қарусыздандыру бағытында дипломатияны қолдануға шақырамыз», — деді БҰҰ жанындағы АҚШ-тың тұрақты өкілі Линда Томас-Гринфилд.

Соған қарамастан Қауіпсіздік кеңесінің отырысы нәтижесіз аяқталды. Ресей мен Қытай АҚШ-тың мәлімдемесіне жауап ретінде Вашингтонды аймақтағы текетіресті күшейтпей, керісінше бітімгершілік жолына түсуге шақырды.

Бұған дейін хабарланғандай, соңғы 5 жыл ішінде алғаш рет 4 қазан күні Солтүстік Корея Жапония аумағы үстінен баллистикалық зымыран ұшырды. Жапония билігі солтүстік-шығыс аймақтардың тұрғындарын уақытша эвакуациялауға және пойыздардың жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды.

«КХДР-дің баллистикалық зымырандарын ұшыруы аймақтағы тұрақсыздықтың өсуіне әкелуі мүмкін», — деп атап өтті БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында БҰҰ Бас хатшысының Таяу Шығыс, Азия және Тынық мұхиты бойынша көмекшісі Халед Хиари.

24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді
22 сәуiр, 15:46
Түркістан полициясы ұрыны ізін суытпай ұстайды
22 сәуiр, 14:37
Түркістан: Террористік тұрғыдан осал нысандар тексеріліп жатыр
22 сәуiр, 14:00
Түркістан полициясы интернет-алаяқтыққа қарсы пәрменді күрес жүргізеді
18 сәуiр, 13:34
Түркістан: облыс полициясы 8 тәулік ішінде 2312 құқық бұзушылықты анықтады
17 сәуiр, 15:44
Түркістан: Сайрамдық полицейлер алаяқтықтың алдын алды
16 сәуiр, 12:24
Түркістан: Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол берілмейді
16 сәуiр, 12:05
Қайрат Нұрқасымов: Алматы Индустриялық аймағы – қала экономикасына серпін береді
12 сәуiр, 20:37
Түркістан: Полиция полковнигі жастарға есірткінің зардабын түсіндірді