
Бүгін таңертең Солтүстік Корея президенті Ресейге келді. Оның брондалған пойызы теңіз жағалауындағы Хасан ауылына келіп тоқтаған. Бұл туралы ntv.ru хабарлайды.
Ким Чен-Ынды күтіп алғандар нан мен тұз ұсынған екен. Бірақ нан мен тұздан дәм татпапты. КХДР басшысы Ресей жерінде болғанына қуанышты екенін және бұл сапардың соңғы емес екенін айтыпты.
Солтүстік Корея басшысы «Ким Ил Сунның» орыс-корей достастығы үйіне барып, қайта пойызға отырып, Уссурийске барады. Бағыттың соңғы нүктесі Владивосток болады. Ертең ол күткендей Владимир Путнимен келіссөз жүргізеді.
https://www.facebook.com/ntvofficial/videos/1683410375095202/