jasqazaq.kz

Солтүстік Қазақстандағы Бугровое көлінде мөңке балығы қырылды

18 сәуiр 2022, 16:55

Солтүстік Қазақстан облысындағы Бугровое көлінде мөңке балығы қырылып қалды. Себебін анықтау үшін мамандар оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

Мамандардың пайымдауынша, балықтардың қырылуына 2 фактор әсер етуі мүмкін.

«Соның бірі – көлдің қатуынан балықтарға ауа жетпеген. Екінші себебі – су құрамындағы тұз мөлшерінің шамадан тыс артуы. Қазір көл басында тиісті мемлекеттік органдардың қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Комиссия судың сынамасын және балықтың ұшасын алып зерттейді», — дейді СҚО Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлері.

Айта кетейік, Қызылжар ауданында орналасқан Бугровое көлінің аумағы — 69 га. Су қоймасының тереңдігі — шамамен 1,5 метр. Негізінен мөңке балығы мекендейді. Елді мекен маңында орналасқанымен, көл жалға берілмеген, резервте тұр.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр