jasqazaq.kz

Солтүстік Қазақстанда дәрігер ана өлімін жасырып қалған

25 ақпан 2022, 10:46

Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша аудандық ауруханасында 5-ші сәбиін күткен ананың өлімін дәрігер жасырып қалған. Әгерім Қазезова пневмониядан қайтыс болған. Алайда оның өлімі туралы құжат тек бір айдан кейін тіркелген, деп хабарлайды Астана арнасы.

2021 жылдың шілде айында Тайынша аудандық ауруханасының көмегіне жүгінген 4 баланың анасы 5-шісіне жүкті болған. Тексеру нәтижесінде әйелден коронавирус анықталып, Петропавлдағы облыстық ауруханаға ауыстырылған. Дәрігерлер баланы аман алып қалса да, анасының өмірін сақтай алмаған. Үш аптадан соң науқас пневмониядан қайтыс болды.

Болған оқиғадан кейін зейнетке шыққан Тайынша аудандық ауруханасының бас дәрігері Анатолий Рафальский ана өлімін тек бір айдан соң тіркеген.

“Біз бұл оқиға туралы әлеуметтік желіден естідік. Әдетте ана босанған соң, бірнеше күннен кейін қаза тапса, министрліктен тексеру жұмыстары жүргізіледі. Дәрігер өз қателігін жасыруға тырысса керек. Бас дәрігер бізге зейнетке шығу туралы арызын жазды, біз оны қабылдадық. Бірақ ол басқармаға өлім туралы хат жіберген жоқ. Бұл мәселе облыстық әкімдік деңгейінде шешілуі керек”,-деді СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Айманов.

Марқұмның жолдасы кінәлілердің жауапқа тартылуын талап етіп отыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде