jasqazaq.kz

Солтүстік Қазақстанда 28 жастағы жігіт суға кетті

31 мамыр 2021, 17:57

Солтүстік Қазақстанда Есіл өзеніне шомылған қостанайлық 28 жастағы жігіт суға кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қайғылы оқиға өткен демалыс күні Ғабит Мүсірепов ауданына қарасты Урожайное ауылы маңында болған. Марқұм отбасымен достарына қонаққа келіп, рұқсат етілмеген жерде суға түскен. Салдарынан қатты иірімге тап болған. Қазір оның ішімдік ішкен-ішпенін анықтау үшін арнайы сараптама тағайындалды. Жалпы өңірде күн жылығалы 58 шомылу орны жасақталды. Қуат Махметов, облыстық ТЖД басқармасының аға офицері: – Ол есіл өзені маңына жанұясымен демалуға келген. Бірақ сол жердегі жағаның төмен болуына байланысты ол жағадан секіріп суға түскен кезде суға батып кетті. Жыл басынан төрт адам суға кетті. Оның ішінде тек бір адам суға түсу кезінде батқан. Қалғандары оқыс оқиға кезінде.

24.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде