jasqazaq.kz

Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында ауылдағы алғашқы сервистік әкімдік іске қосылды

24 қазан 2020, 12:34

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді.

Ведомство басшысы сапар барысында ең алдымен Келлер ауылына ат басын тіреп, ауыл халқы үшін маңызды оқиғаға айналған «Ашық әкімдік» фронт-кеңсесінің ашылуына қатысты.
Бұдан былай Келлер ауылдық округінің тұрғындары әкім аппаратының мамандары мен ветеринарлық дәрігердің көмегіне фронт-кеңсе арқылы жүгіне алады. Оған қоса орталық өтініштерді қабылдау секторы, өзіне-өзі қызмет көрсету орны және әлеуметтік роликтерді тарататын экранмен жабдықталған.

«Мен ауыл халқына мемлекеттік қызметтерді барынша қолжетімді ету үшін жақсы жағдай жасалған деп есептеймін. Қолға алынған жұмысты одан әрі жетілдіру қажет. Тұрғындарды цифрлық сауаттылыққа үйретудің маңызы зор. ХҚКО тәжірибесіне сай, төлемдер үшін банкоматтар мен терминалдар орнатуды жолға қою керек» — деді Алик Шпекбаев.

Агенттік Төрағасы мемлекеттік қызмет көрсетулерді автоматтандырудың маңыздылығына назар аударды. Антикор басшысы Президенттің тапсырмасы мен халықаралық стандарттарға сай болу үшін мемлекеттік қызмет көрсетуді 100% электронды нұсқаға аудару қажеттігін ерекше атап өтті. Электронды үкіметтің дамуы бойынша бүгінгі таңда Қазақстан БҰҰ елдері арасында 194 мемлекеттің ішінде 28 орында тұр. Бұл республикада цифрландырудың даму қарқынының жылдамдығын дәлелдейді.

«Ашық әкімдік» қоғамдық қабылдау түрінде де қызмет атқарады. Енді тұрғындар мәселелерін шешу үшін ауылдық округ әкіміне бірінші қабаттағы «open space» кабинеті арқылы бірден жүгіне алады. Жеке қабылдауға ниет білдірушілер үшін бұл өте қолайлы.

«Біздің мақсатымыз – түрлі қызметтер мен кеңестерді бір орында көрсету арқылы азаматтардың уақытын үнемдеу. Бұған дейін, мәселені шешу үшін шартты түрде 10-15 күн қажет болса, бүгінде ауылдан шықпай-ақ небәрі 2-3 күн ғана кетеді» — деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Орталықтың ашылғанына ауылдық әкімдік мамандарымен қатар ауыл тұрғындары да дән риза. Қуаныштарын жасырмаған ақсақалдар енді көмекке жүгіну үшін аудан орталығына ат терлетудің қажеті жоқ дейді. Айта кету керек, Келлер ауылы бұрын аудан орталығы болған.

Сондай-ақ, Агенттік төрағасының бағдарламасында Петропавл қаласындағы «AGROKÓMEK» сервистік орталығының ашылуы да бар.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия