jasqazaq.kz

Солтүстік Қазақстан облысының 225 ауылында интернет жоқ

05 қараша 2020, 11:04

Солтүстік Қазақстан облысындағы 625 елдімекеннің 543-і жыл соңына дейін интернетпен қамтылмақ. Осы мақсатта өңірде екі жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. 

СҚО ішкі саясат басқармасының мәліметінше, қазіргі таңда облыс елдімекендерінің 410-ы, яғни 64.56%-і түрлі технологиялар бойынша Интернетке қол жеткізді. Бұл ауылдарда 273 мыңға жуық адам тұрып жатыр. Ал 37 мыңнан астам тұрғыны бар 225 ауылда әлі күнге интернет жоқ. Оның ішінде 53-і — халық саны 250-ден асатын үлкен елдімекендер. Жоспар бойынша жыл соңына дейін 133 ауылда интернет қолжетімді болмақ. СҚО-да екі жоба жүзеге асырылып жатыр. Соның бірі – Қазақтелеком, Транстелекоммен бірлескен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы. Кеңжолақты интернет 75 елдімекенге жетті. Қазір Уәлиханов ауданының Мортық, Қондыбай және Көбенсай ауылдарында тиісті жұмыстар жүріп жатыр. Мобильді кеңжолақты интернет Beeline, Kcell, Altel, Tele 2 арқылы 70 ауылға қолжетімді болмақ. Жоспарланған жобалар сәтті жүзеге асқан жағдайда қосымша тағы 32 елдімекенге интернет жетеді. 2021 жылы бұл жұмыстар жалғасын таппақ. Жеті мыңнан артық тұрғыны бар 21 елдімекенге мобильді кең жолақты интернет қосу жоспарланған. Бұл ауылдардың әрқайсысында 250-ден артық тұрғыны бар. Мамандардың айтуынша, алдағы бір-екі жылда облыстың 95% халқына кеңжолақты интернетпен қамтылады. 20 мыңға жуық тұрғыны бар 172 ауылда бұл мәселе өзекті қалмақ. Олар 2021 жылдың жоспарына енген жоқ.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия