jasqazaq.kz

Собчак президент болса, әуелі Ленинді жерлемекші

25 қазан 2017, 11:14

Ресей президенті боламын деген танымал тележүргізуші Ксения Собчак егер осы мүмкіндікке қолы жетсе, ең алдымен орындайтын үш міндетін атап өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ксения Юрий Дудьтың YouTube-каналындағы «вДудь» сұқбат алаңында айтты.

Тележүргізуші алдағы уақытта РФ-ның перзиденті болса әуелі Мемлекеттік Думаны таратып жібермекші. Себебі ол мұндай бір айтқанын қайталай беретін «тотықұс текті» Думаның болғанынан болмағаны жақсы деп отыр.

Екінші кезекте Владимир Ленинді «жер қойнына» тапсырмақшы.

«Бұл жақсылық пен жамандықтың шекарасы. Қалай дегенмен біз орта ғасырда өмір сүріп жатқан жоқпыз ғой» — дейді Собчак.

Үшіншіден Ксения Кремльді есігі айқара ашық алаңға айналдырмақшы.

«Мен біздің Парламенттің де керемет ғимаратта отыруға, президент қайда отырса, сол жерде отыруына құқы бар деп санаймын. Әрі бұл ең маңызды әрі символикалық мәні бар мәселе деп ойлаймын» — дейді Президент болғысы келетін журналист.

Сондай-ақ, тележүргізуші егер сайлауда тағы да Путин жеңіп, өзіне премьер-министр болуды ұсынатын болса, ол ұсыныстан бас тартатынын айтты.

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде