jasqazaq.kz

Снаряд жарықшақтары көрші ауылдағы үйлерді зақымдаған

27 маусым 2019, 10:44

24 маусымда Түркістан облысы Арыс қаласында болған жарылыстан көрші орналасқан Ақдала кенті зардап шекті. Бұл туралы ҚазАқпарат xабарлады.

Ақдала ауылы тұрғындарының бірі Орынxан Арынбаевтың айтуынша, сол қайғылы күні тек арыстықтар ғана емес, Арысқа жақын орналасқан көрші кенттің тұрғындары да үйлерін тастап қашуға мәжбүр болған. «Қатты гүрсіл естілді. Жарылыс кезінде снарядтың жарықшақтары бірқатар километрге, біздің кенттің аумағына да жетті. Соның салдарынан бір снаряд үйдің алдындағы «септикті», тағы бір бөлігі сарайды зақымдады. Игі болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Үйдің үстіне түскенде не болар еді?! Немерелерім мен балаларым қорыққаннан жертөлеге тығылды. Онда біраз уақыт отырып, қалғандарымен бірге қашты», — дейді зейнеткер. Бұдан бөлек, ақсақал кентті эвакуациялағаннан кейін бір сиыры жоғалып кеткенін айтып, шағымданды. «Барлығымызды Шымкенттегі 53-мектепке эвакуациялады. Мен күн сайын малдарға азық беру үшін үйге келіп жүрмін. Оларға қарау керек қой, оның бәрін кім істейді?! Әр адамның малдары өрісте жүр, олар жоғалып кетуі немесе ұрлануы мүмкін ғой», — дейді ол.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде