jasqazaq.kz

Смартфонда тым көп ойнаған әйел соқыр боп қалды

09 қазан 2017, 11:03

Қытайдың Гуандун провинциясының Дунгуань қаласының 21 жастағы тұрғыны смартфонда ұзақ уақыт ойнап, оң жақ көзі көрмей қалды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы South China Morning Post басылымы жазады.

Бойжеткен күні бойы смартфонда ойын ойнаған. Осыдан кейін ол ауруханаға түседі. Оған оң жақ көзі торының бітелуі деген диагноз қойылды. Дәрігерлер оның себебі, ұзақ уақыт смартфонда ойын ойнап, көзге салмақ түскеннен деген қорытынды шығарған.

«Жұмысқа бару керек болса, мен таңғы 6-да тұрамын, таңғы асымды ішемін де кешкі 4-ке дейін ойын ойнаймын. Содан кейін тағы жүрек жалғап алып, тынығамын да түнгі 1-ге дейін ойнаймын» дейді бойжеткен.

Сәуір айында Циндао қаласының 14 жасар тұрғыны күнделікті смартфонды қолданғандықтан мойын жарақатын алған. Дәрігерлердің айтуынша, енді жасөспірім арқа омыртқасының деформациялануына байланысты мойнын түзу ұстай алмайтын болған. Дәл осындай шағыммен мұның алдында дәрігерлерге 10 жасар ұл баланың да ата-анасы келген екен.

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде