jasqazaq.kz

Смайылов сыртқы қарыздың неге көбейгенін түсіндірді

22 мамыр 2019, 10:35

Бюджеттің тапшылығы мен теңгенің құлдырауы сыртқы қарызымызды арттырып жіберді. Былтыр шетелге мемлекеттік берешегіміз 1 триллион 883 миллиард теңгеге көбейген. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Қаржы министрлігі қазіргі шетелге берешегіміздің 15 триллион 387 миллиард теңгені құрағанын хабарлады. Оған Үкімет пен Ұлттық банктің және жергілікті әкімдіктердің қарыздары кіреді. Дегенмен Қаржы министрі қорқатын ештеңе жоқ дейді. Өйткені мемлекеттік қарыз Ішкі жалпы өнімге шаққанда 60 пайызға дейін рұқсат етілген. Ал қазіргі көрсеткіш 26 пайызға жуық. Бірақ нақты қай елге берешек екеніміз айтылмады. Жалпы сыртқы қарызымыз, яғни, жекеменшік банктерді қоса алғанда 57 миллиард 700 миллион долларды құрап отыр. Ол 5 жарым миллиард долларға азайған.

Әлихан Смайылов, Қаржы министрі:

— Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемі бекітілді. 2018 жылдың қорытындысы бойынша квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарызы 2017 жылдың көрсеткішінен 5,1 миллиард долларға азайып, 19,7 миллиард долларды құрады.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық