jasqazaq.kz

Скляр Шудағы пойыз машинисі жайлы: Ешкім ұсталған жоқ

19 маусым 2018, 13:26

Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Роман Скляр Жамбыл облысында болған төтенше жағдайдан кейін ешкімнің де ұсталмағанын айтады — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Тергеу қорытындысын күтейік. Ешкім ұсталған жоқ. Сол үшін, яғни, осы жағдайды объектив түрде тергеу үшін оқиға орнына Көлік комитетінің төрағасы Асавбаевты жібердік. Біреу ұсталды дегенді естіген жоқпын, ондай болған жоқ», — деді Роман Скляр журналистерге. Бас прокуратура да осы мәліметке қатысты пікір білдірді. «Қазіргі уақытта осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеудің жүргізіліп жатқанын ресми түрде хабарлаймыз, тергеу барысында ешкім ұсталған жоқ», — делінген прокуратураның хабарламасында. Осыған дейін пойыз апатынан қаза болған жасөспірім мен зардап шеккендердің тізімі жарияланып, апатқа ұшыраған пойыздың жылдамдығы қандай болғаны жайлы айтылған болатын. Сонымен қатар, мұның алдында ҚР ИДМ баспасөз қызметі Шу станциясы маңында пойыздың рельстен шығу себептерін тексеретін комиссия құрылғанын хабарлаған еді. «17 маусымда 13.25-те Сарышаған-Шу учаскесінде Астана-Алматы бағытындағы #9/10 пойызының жолаушылар отыратын 8 вагоны рельстен шығып кетті. Төтенше оқиға машинист теміржолдың қисайғанын көріп, көлікті шұғыл тежегенінен кейін болды. Оқиғаны тексеру үшін ҚР ИДМ Көлік комитеті жанынан арнайы комиссия құрылды», — деп хабарлаған болатын ҚР ИДМ өкілдері. Еске салайық,17 маусымда сағат шамамен 14.00-де Жамбыл облысындағы Отар мен Шу станцияларының арасында төтенше жағдай болған еді. Мұның алдында үш вагонның рельстен шығып кеткені хабарланған болатын.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық