jasqazaq.kz

Скляр Bek Air пилоттарының өзара әңгімесін жариялады

10 қантар 2020, 17:26

Үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр BekAir ұшағының апатқа ұшырауы кезінде пилоттардың өзара әңгімесінің хронологиясы туралы айтып берді. «Әуе апаты орнынан борттық жазба құрылғысы табылды. Олар бүлінбеген болып шықты. Комиссия шешімімен аталған мәліметтерді тіркеуші құрылғыдан тиісті ақпаратты алу үшін МАК-қа (мемлекетаралық авиациялық комитет-авт.) жолданды», — деді Роман Скляр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. Осыдан кейін Мемлекетаралық авиациялық комитет зертханасы оқиғаның хронологиясын қалпына келтірген. «7 сағат 20 минут 2 секундта ұшу басталған. 7 сағат 20 минут 41 секундта 140 торапты (узел knot) жобалық жылдамдығы бойынша экипаж алдыңғы шассиді көтере бастайды. 7 сағат 20 минут 45 секундта ұшақтың ұшу-қону жолағынан аспаптың бар жылдамдығымен (148 торапты — бұл максималды жылдамдық) көтерілді», — деді ол. Роман Склярдың айтуынша, жерден көтерілгеннен кейін ұшақ сол жаққа 5 градусқа, осыдан кейін оң жаққа 19 градусқа, қайта солға 15 градусқа теңселіп кеткен. «Экипаж ұшу траекториясында әуе кемесін ұстап қалмақ болған. Теңселу салдарынан ұшу-қону жолағына әуе кемесінің шассиі мен сол жақ қанаты тиген. Қолдағы бар мәліметке сәйкес, екінші ұшқыш жерден көтерілгеннен соң 10 секундтан кейін қозғалтқыштардың жұмыс режімін азайтып, ұшуды тоқтатпақ болған. Алайда 4-5 секундтан кейін қозғалтқыштардың жұмыс режімі қайтадан 93-95 пайызға көбейтіліп, ұшу жалғасқан», — деп түсіндірді Роман Скляр. Аталған жағдай ұшақ экипажаның әңгімесімен расталып отыр. «7 сағат 20 минут 53 секундта ұшақ оң жаққа ауа бастағанда әуе кемесінің командирі «не болды?» дейді. 7 сағат 20 минут 54 секундта екінші пилот «Не болғанын білмеймін? Стабилизатор, тоқтаймыз» деген. Осы бірге балағат сөз айтылады. Болжам бойынша, осы кезде екінші пилот басқару тетіктерін кіші газға ауыстырмақ болған. 7 сағат 20 минут 57 секундта командир екінші пилоттың әрекетіне тіл қатып, «керек емес, не істеп жатырсың?» деген. Болжам бойынша, осы кезде командир басқару тетіктерін ұшу режіміне ауыстырған. Бұл кезде оның «кеттік, кеттік» деген дауысы естіледі», — деді Роман Скляр. Үкімет басшысының орынбасарының айтуынша, 7 сағат 21 минут 4 секундта командир «шассиді жина» деп пәрмен берген. «Артынша, ұшақтың бірнеше рет ұшу-қону жолағына тиюі тіркелген. Атап айтқанда, ұшақтың арты 6 рет, шассидің негізгі тіреуіштері 4 рет, қанаты 1 рет тиген», — дейді ол. 7 сағат 21 минут 15 секундта бес метрлік биіктікте шасси жинала бастаған. «Осыдан кейін ұшақтың тұмсығы жерге тиіп, әуе кемесі ұшу-қону жолағынан тыс жерге сырғып кеткен», — дейді ол.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде