jasqazaq.kz

СҚО тұрғыны әйелін атып өлтірді, немересін жаралады деген күдікпен ұсталды

11 мамыр 2021, 22:41

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязево елді мекенінде ауыл тұрғыны әйелін атып өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 10 мамыр күні сағат 17.00 шамасында болған. Тимирязев ауданының полиция бөліміне аудан орталығы Тимирязеводағы үйлердің бірінен атылған оқтың дауысы естілгені туралы қоңырау түскен. Полицейлер оқиға орнына келіп, үйдің ауласынан 59 жастағы әйелдің денесін тапты. Ал үйде оқ жарақатын алған 14 жастағы қыз болған. Қыз бала Тимирязев аудандық ауруханасына жеткізілді. 59 жастағы үйдің иесі алкогольдік мас күйде әйелімен жанжалдасып, «ИЖ» маркалы қарудан атқан. Салдарынан әйел сол жерде көз жұмған. Үйде бірге болған немересі жарақаттанды. Аталған факті «Адам өлтіру» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Істің мән-жайын жан-жақты тексеруге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия