jasqazaq.kz

СҚО полицейлері 40 жылқыны ұрлаған күдіктілерді ұстады (Видео)

15 маусым 2021, 14:55

Солтүстікқазақстандық полицейлер 40 жылқысы бар үйірді ұрлау ісін сотқа жолдады. Бұл туралы Polisia.kz бағдарламасының кезекті шығарылымында айтылды.

2020 жылғы 19 қарашада Уәлиханов ауданының полиция бөліміне шалғайдағы Қазанғап ауылының тұрғынынан еркін жайылымнан 40 жылқының жоғалғаны жайлы хабарлама келіп түсті. Жәбірленуші оларды бірнеше күн бойы өзі іздеген, кейін учаскелік полиция инспекторына жүгінген. Келтірілген шығын сомасы 15 миллион теңгеден астам. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы “Мал ұрлығы” бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. СҚО ПД бастығының орынбасары Руслан Назаровтың айтуынша, СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасы мен аудандық ПБ тәжірибелі қызметкерлері санынан жедел-тергеу тобы құрылған. Мал ұрлығы бойынша бағдар облыстың аумақтық полиция бөліністері мен еліміздің Полиция департаменттеріне жолданды. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде ұқсас белгілері бойынша екі жылқы көршілес Ақмола облысының Зеренді ауданы тұрғындарының бірінің қосалқы шаруашылығынан табылған. Салынған таңба жануарлардың жәбірленушіге тиесілігін растады. Одан әрі жүргізілген жедел іс-шаралар бұл жылқыларды туысына тастап кеткен 53 жастағы Бурабай ауданының ізіне түсуге мүмкіндік берді. Жедел уәкілдер істің мән-жайын тарқата келе 35 пен 50 жас аралығындағы Ақмола облысының үш тұрғыны мен екі солтүстікқазақстандықты әшкереледі. Күдіктілердің барлығы да табыншылар. Тергеу жарты жылдан астам уақытқа созылды, ұсталғандар өздерінің қатыстылығын жоққа шығарып, берген жауаптарын бірнеше рет өзгерткен. Дегенмен, жедел-тергеу тобының көп тер төгуінің арқасында қылмыстың мән-жайын анықтау мүмкін болды. Бірнеше күн күдіктілер ауысып отырып, ұрланған жылқыларды Ақмола облысына айдап апарып, сол жерде бөлген. Қазіргі уақытта материалдар сотқа тапсырылды.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия