jasqazaq.kz

СҚО: Орманға шошқаның терісі мен ішек-қарнын үйіп кеткен

12 қазан 2020, 21:17

Шошқаның қалдықтарын орманға шашып кеткен. Солтүстік Қазақстан облысында жабайы табиғатты былғаған кәсіпкер іздестіріліп жатыр. Ет қалдықтарын арнайы орынға апарып тастауға ерінгендер шошқаның терісі мен қан аралас ішек-қарнын орманға үйіп кетіпті. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Бұл кадрлерді Қызылжар ауданындағы Ольшанка ауылының тұрғындары түсіріп алған. Орманға бала-шағасымен саңырауқұлақ теруге шыққандар өсімдіктің орнына шошқаның ішек-қарнына кез болды. Қан жұққан қаптардан шошынған жұрт оны тесіп, ішінен шошқаның терісі мен май қалдықтары, ішек-қарынды көреді. Шамамен 50-60 қапшық тасталған. Бұл таспа әлеуметтік желіге тараған бойда жергілікті шенеуніктер қаптарды дереу жинап алды. Мәліметтерге қарағанда, орманға жақын маңда шошқа етінен шұжық жасайтын жалғыз бір цех бар. Бірақ ол кәсіпкер «мен емес» деп ат-тонын ала қашыпты. Енді шенеуніктердің кімге айыппұл саларын білмей дал.

Марат Әбілов, СҚО Қызылжар ауданының бас мемелкеттік ветеринар инспекторы:

— Қаладағы базарлардан жинап, біреу өңдеуге әкелген бетте бүлдіріп алып, тастап кеткен сияқты. Жедел түрде жинаттырылып, жойылды. Тұрғындарға айтарымыз, егер мұндай жағдай бола қалса, бірден ветеринарлық қызметке хабарлаңыздар.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде