jasqazaq.kz

СҚО-да жүргізуші куәлігін сатқан алаяқ сотталды

12 желтоқсан 2022, 16:01

Солтүстік Қазақстанда жүргізуші куәлігін істеп, сатумен айналысқан алаяқ сотталды. Ол 16 эпизод бойынша жауапқа тартылды деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұрын осындай қылмыс жасағаны үшін сотты болған 35 жастағы ер адам түзелмей, баяғы қылмыстық әрекетіне басқан. Ол «клиенттеріне» астанада таныс адамдары барын алға тартып, емтихан тапсырмай-ақ ақшалай сыйақыға жүргізуші куәліктерін алуға болатынын айтқан. Сонымен қатар, өзіне жүгінген алғашқы жапа шегушілерден олардың таныстары оңай жолмен жүргізуші куәліктерін алғысы келмей ме екендігін білуді сұраған. Жалпы алаяқтың қармағына Тайынша ауданының 14 тұрғыны, Ақжар ауданынан 1, Көкшетау қ. 1 адам іліккен. Адамдар алаяққа ақша аударып, өздеріне, жұбайлары мен балаларына да жүргізуші куәлігін алу үшін тапсырыс берген.

Нәтижесінде СҚО полицейлері алаяқты анықтап, 16 эпизод бойынша материалды сотқа тапсырды. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның сомасы 1,5 миллион теңгеден асады. Сот қаскөйді 3 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Айта кететін болсақ, соңғы кездері алаяқтардың осындай әрекеттері өрши түсті: Петропавлда 3 факті тіркелді. Полицейлер белгіленген процедураларды айналып өтіп алған құжат заңсыз болып табылатындығын еске салады және күмәнді ұсыныстарға сенбеуге шақырады.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр