jasqazaq.kz

СҚО-да сұранысқа ие Қаражыра көмірінің бағасы арзандады

01 тамыз 2022, 17:03

Солтүстік Қазақстан облысында тұрғындар арасында сұранысқа ие Қаражыра көмірінің бағасы бірден 1,5 мың теңгеге арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Петропавл қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, шілде айында Қаражыра көмірінің тоннасы 17 мың теңге болса, бүгіннен бастап ол 1,5 мың теңгеге арзандады. Қазір көмірді облыс орталығындағы Береке ықшам ауданы, Ленинград көшесі, 116 мекенжайындағы теміржол тұйығынан 15 500 теңгеден алуға болады. Бұл жерде қатты отынның 700 тоннасы бар. Халық арасында Шұбаркөл көміріне де сұраныс жоғары. Оның тоннасы 14 800 теңге тұрады. Жұмысшы кенті, Панфилов көшесі, 276 мекенжайында орналасқан теміржол тұйығында бұл көмірдің 700 тоннасы жатыр. Мамандардың айтуынша, күзде қара отынның бағасы қымбаттамақ. Осыған орай алдын ала қамданып, көмір түсіріп алған абзал. Жалпы СҚО-ға жылыту маусымына отыннан бөлек 410 мың тонна көмір қажет. Облыс бойынша көмір жеткізілетін 32 теміржол тұйығы бар. Тамыз-қыркүйекте тұрғындар үшін өңірге ай сайын 15 мың тоннадан жеткізіліп отырмақ.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде