jasqazaq.kz

СҚО-да шағын өзенде су деңгейі бір тәулікте жарты метрге дейін көтерілді

05 сәуiр 2022, 13:36

Солтүстік Қазақстан облысында күннің күрт жылынуынан қар еріп, шағын өзендерде су деңгейі көтеріле бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

СҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде мамандар өңірдегі су тасқынына қатысты жағдайға тоқталды. «Қазгидромет» РМК облыстық филиалы директорының орынбасары Наталья Левинаның айтуынша, тәулік бойы ауа температурасының жоғары болуы қардың еруіне әкелді. Қазір облыс аумағының шамамен 50 %-дан астамында ғана қар жамылғысы бар.

«Облыстың өзен-көлдерінде мұз қабаты бұзылып, су деңгейі көтеріліп келеді. 5 сәуірде Есіл өзенінің салаларында су деңгейі тәулігіне 3-тен 28 см-ге дейін жоғарылады. Облыстың шағын өзендерінде бұл көрсеткіш 14 пен 55 см аралығында. 4 сәуірден бастап Сергеев су қоймасына су тола бастады. Бүгін сағат 8.00-де су қоймасының көлемі 530 млн м3, толымдылығы 76% құрады», — дейді Наталья Левина. Маманның айтуынша, 6-8 сәуір аралығында СҚО-да суық атмосфералық ағындары бар циклон өтпек.

Түнде ауа температурасы – 6 градусқа дейін төмендесе, күндіз +7-12 градусты көрсетпек. Кейін түнде сынап бағанасы 0 +5-ке дейін көтеріліп, күндіз +10-15 градусқа дейін жылынады.

«Бірінші онкүндіктің соңында және екінші онкүндіктің басында облыстың шағын өзендерінде су тасиды. Екінші онкүндіктен бастап ауа температурасы көтеріліп, түнде +3-8, күндіз +15-20 градусқа дейін жылынады. Есіл өзенінде және Сергеев су қоймасында су деңгейінің көтерілуі жалғасады. Үшінші онкүндікте ауа температурасы түнде +2-6-дан +10-ға дейін ауытқиды. Күндіз +5-10 және +15-20 жылы болмақ. Айдың соңында Петропавл қаласынан жоғары орналасқан бекеттерде су тасқыны шарықтау шегіне жетпек. Петропавл маңында сәуірдің аяғында және мамыр айының басында су тасқыны болады деп болжанған», — дейді филиал директорының орынбасары.

СҚО-да жерүсті суларының гидрологиялық режимін 19 гидрологиялық бекет жүргізеді, олардың екеуі Сергеев және Петропавл су қоймаларында, біреуі Тораңғұл көлінде, қалғаны Есіл өзенінде және оның салаларында орналасқан.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық