jasqazaq.kz

СҚО-да Сергеев су қоймасы тасып жатыр

13 сәуiр 2021, 17:37

Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су қоймасы тасып жатыр. Мамандардың айтуынша, асып-төгілу 1 см-ге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мәліметінше, өңірдегі барлық су қоймаларында су деңгейі көтеріліп жатыр. Ал Ковыльное елді мекенінің маңындағы Ақанбұрлық өзенінде мұз кептелісі пайда болып, су деңгейі 40 см дейін түсті. Мұз кептелісі Тоқсан би ауылының маңында Есіл өзенінде де байқалады. Облыстағы Иманбұрлық, Ақанбұрлық, Шарық, Қамысақты шағын өзендерінде су деңгейі күннен-күнге көтеріліп жатыр. Бір тәулікте 8-160 см-ге дейін өзгерген. Бабықбұрлық өзенінде, Гусаковка ауылы маңында орналасқан гидропостта мамандар судың 160 см-ге дейін көтерілгенін тіркеген. Возвышенка елді мекені маңындағы Ақанбұрлық өзенінде, Мұқыр ауылының маңындағы Мұқыр өзенінде сең жүріп жатыр. Сергеевка қаласының маңындағы Есіл өзенінде мұз жоқ, су деңгейі бір қалыпты, артық су бөгенге жиналуда. Сағат 16.00-дегі жағдай бойынша Сергеев су қоймасы таси бастады. Ал Ғ.Мүсірепов ауданындағы Тоқсан би елді мекені маңындағы Есіл өзенінде мұз жүріп жатыр. Түс уақытында су деңгейі 676 см жеткен. Бұл гидропостта су деңгейі 9 сәуірден бастап ғана көтеріліп жатыр. Былтыр бұл құбылыс 2 сәуірде тіркелді. Есіл өзенінде орналасқан гидропосттарда су деңгейінің 5 см-85 см-ге дейін өзгергенін көруге болады. Үлкен Тораңғұл көлінде де өзгеріс бар. Көлдің суы 1 см көтеріліп, 323 см жеткен.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия