jasqazaq.kz

СҚО-да Ресеймен шекарадағы блокпостар әзірше алынбайды

01 маусым 2020, 17:07

Солтүстік Қазақстан облысында 14 блокпост жұмыс істесе, бүгіннен бастап соның 11-і жұмысын тоқтатты.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс аумағында орналасқан 14 блокпостта 250-ден астам тәртіп сақшысы, одан басқа медициналық және ветеринарлық қызметтің мамандары жұмыс істеді. Екі айға жуық уақыт бойы алдыңғы шепте тынбай қызмет атқарған полицейлер мен медицина қызметкерлерін Полиция департаментінің басшылығы құттықтады.

«Бүгін отбасыларыңызға оралып, ата-аналарыңызбен, бала-шағамен қауышасыздар. Сіздердің туған-туыстарыңызға ұдайы қолдау білдіріп, түсіністік танытқаны үшін алғысым шексіз. Ортақ күш-жігермен алдағы уақытта да ел азаматтарының қауіпсіздігі мен денсаулығы үшін бірге жұмыс істейміз деп сенемін», — деді тәртіп сақшылары мен медиктерге алғыс хат тапсырған облыстың бас полицейі Марат Төлебаев.

Ресеймен шекаралас Мамлют, Уәлиханов және Мағжан Жұмабаев аудандарында орналасқан үш блокпост шекара ашылғанға дейін жұмыстарын жалғастырады. Басқа бекеттердегі қызметкерлерді Полиция департаменті бастығының орынбасарлары мен аудандық бөліністердің бастықтары құттықтады. Айыртау ауданындағы Антоновка ауылына полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев барды.

Ол барлық қызметкерлерге адал қызметтері үшін ризашылығын білдіріп, алғыс хаттар табыстады. Полицейлер мен медицина қызметкерлерінің айтуларынша, осы күнді әсіресе олардың туыстары асыға күткен. Мұның мәжбүрлі шара екенін барлығы жақсы түсінеді. Мамандар өз жұмысын абыроймен атқарып шықты және қойылған шектеулер жағдайды жақсартуға септігін тигізгеніне сенімді.

«Әрине, тұрғындарға да алғыс айтамыз. Түрлі жағдайлар болды, негізінен адамдар оңай емесін түсініп, бізге қолдау көрсетіп жатты», — дейді Айыртау ауданының аумағында қызмет атқаратын СҚО ПД патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторы Асхат Бақытжанов.

Үйінде оны жары мен үш кішкентай бүлдіршіні тағатсыздана күтті, балалардың мерекесінде әкелерінің үйге оралуы олар үшін үлкен сый болды.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия