jasqazaq.kz

СҚО-да өрт сөндіру көлігі жанып жатқан үйге жете алмады (видео)

09 наурыз 2021, 10:27

Солтүстік Қазақстан облысында өрт сөндіру көлігі тазаланбаған жолдардың кесірінен өртеніп жатқан үйге жете алмады.

Оқиға Қызылжар ауданының Надежка ауылында болған, онда жекеменшік үйден өрт шыққан. Куәгерлердің айтуынша, отқа оранған үйге жету мүмкін болмаған, өйткені жолды қар басқан. Салдарынан өрт құбыршегін алыстан тартуға тура келген.

«Өрт сөндіру машинасы тез жетті, бірақ ауылдағы көшелер қардан тазартылмағандықтан, үйге жақындай алмады. Көше тазаланған кезде үйдің төбесі опырылды», — деп жазды желі қолданушылары.

Төтенше жағдайлар департаменті хабарына қарағанда, Надежка аулындағы жекеменшік үйден өрт шыққаны туралы хабар 7 наурызда 16.19-да түскен. Өрт сөндіру бөлімі жеткенге дейін газ баллоны жарылып, салдарынан үй өрттен толығымен қирап, ВАЗ-2199 автокөлігі де жанып кеткен. Үй иесі — 1984 жылы туған ер адам екі алақанын күйдіріп, екінші дәрежелі күйік алған, ауруханаға жатудан бас тартқан.

Өрт 19.56-да ауыздықталып, түнгі сағат 22-ге дейін толық сөндірілді. ТЖД баспасөз хатшысы Евгений Журавлев өрт сөндіру техникасы жолды қар басқанына байланысты, өрт шыққан үйге жақындай алмағанын растады. Оның айтуынша, кейін қар тазалайтын техника келіп, көше тазартылған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ПЕТРОПАВЛОВСК ❤ КАЗАХСТАН 👍 (@skopetro)

 

Tengrinews.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия