jasqazaq.kz

СҚО-да коронавирус жұқтырған 22 адам ауыр халде жатыр

16 қараша 2020, 17:11

Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырушылардың қатары өсіп келеді, тек өткен тәулікте КВИ-мен ауырған 57 адам анықталды.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, өңір аумағында өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 57 жағдайы тіркелді. Оның 38-інде науқастар дәрігерлерге ауырып қаралған. Вирусты жұқтырудан Петропавл қаласы бірінші орында келеді – 47 жағдай анықталған. Тағы төртеуі Есіл ауданында, үшеуі Қызылжар ауданында, екі жағдай Мамлют ауданы мен бір жағдай Аққайың ауданында тіркелді. Облыста ПТР зерттеу жүргізетін 4 зертхана жұмыс істейді. Пандемия басталғалы облыс бойынша КВИ-ға 145,5 мыңға жуық зерттеу жүргізілген. Оның 5039 жағдайында, яғни 3,4% оң нәтиже көрсеткен. Өткен тәулікте ПТР әдісімен 622 зерттеу жүргізілді. СҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жалпы өңірде коронавирусты жұқтырудың 5046 жағдайы тіркелді. 4298 адам тәуір болып, 25 адам көз жұмды. Қазір 22 адам ауыр халде жатыр. Инфекциялық стационарларда 360 орын болса, соның 38% ғана толық. Карантин стационарында 42 кереует болса, оның 15% ғана науқастар ем алып жатыр.

ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық