jasqazaq.kz

СҚО-да құс тұмауының таралуы бойынша Лебьяже ауылы карантинге жабылды

27 қыркүйек 2021, 14:53

Солтүстік Қазақстанда тағы да құс тұмауы тарап жатыр. М.Жұмабаев ауданының Лебьяже ауылында мыңнан астам үйрек-қаз бен тауық қырылып қалды. Қауіпті инфекцияның таралуының алдын-алу мақсатында елді мекенде карантин жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше, 21-26 қыркүйек аралығында М.Жұмабаев ауданына қарасты ауылда 1003 үй құсы қырылып қалған. Шығынға ұшыраған үйрек-қаз бен тауық 7 үйге тиесілі. Мамандардың айтуынша, жұқпадан негізінен биыл шыққан 2-3 айлық құстар өліп жатыр.

«130 тауық, 291 қаз, 582 бас үйрек өлді. Құстардың өлексесі өртелді. Ветеринариялық қызмет эпизооториялық зерттеу жүргізді. Зертханаға жіберілген материал құс тұмауын растап отыр. Қорытындысы 24 қыркүйек күні келді. Қауіпті індетті жабайы құстар тасымалдауы мүмкін. Ауыл шетіндегі көлде аққу, үйрек, қыз сынды жабайы құстар мекендейді. Үй құстарды да сонда жайылады. Осы Лебьяже 1584 бас құсқа вакцина салынды. Басқа да қауіпсіздік шаралары жүзеге асырылуда. Басқа ауылдарда індет тіркелген жоқ», — дейді СҚО Ветеринария басқармасының бөлім басшысы Қайырлы Қазанов.

Өңірде 938 мың қанаттыға қауіпті инфекцияға қарсы екпе салынған болатын. Облысқа барлығы 1 млн дозадан астам вакцина бөлінген. Биыл маусым айында Айыртау ауданында 104 жабайы құстан тұмау анықталған еді. Олар залалсыздандырылып, жойылды. Былтыр құс тұмауы өңірдің 12 ауданында тіркеліп, 1,5 млн-ға жуық қанатты қырылды. Мамандар биыл эпизотикалық жағдайды бақылауда екенін айтты. Қауіпсіздік мақсатында Лебьяже ауылында карантин жарияланды. Шектеу шараларына сәйкес елді мекеннен құс және құс өнімдерін шығаруға тыйым салынған.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия