jasqazaq.kz

СҚО-да халықты жұмыспен қамту орталығының директоры сотталды

03 ақпан 2022, 11:20

Петропавл қалалық соты халықты жұмыспен қамту орталығының бұрынғы директоры мен оның екі сыбайласына қатысты үкім шығарды.

Петропавл қалалық сотының мәліметінше, облыс орталығындағы халықты жұмыспен қамту орталығының директоры сенімді адамдары арқылы бірнеше рет пара алған.

Сотталушы, халықты жұмыспен қамту орталығының директоры мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру барысында, сыбайластары арқылы жеке тұлғалардан оларға жалға берілетін пәтерлерді бергені үшін сыйақы алып келген.

Прокурор сотталушыны тиісті органдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыруға, оның сыбайластарына да 10 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұрады.

Сотталушылар кінәларын мойындамады және олар өз әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылықтың болмағаны үшін ақтауды сұрады.

«Бірнеше рет үлкен мөлшерде пара алғандарға айыппұл немесе 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған. Сотталушылар бұрын істі болмаған, бұл олардың жазасын жеңілдететін жағдай ретінде алынды. Сондай-ақ, сыбайлас ретінде жауапқа тартылғандардың бірінде жас баласы бар. Осының бәрін негізге ала отыра сот жұмыспен қамту орталығының экс-директорын 8 жылға бас бостандығынан және өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырды. Ал оның сыбайластарына 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Олардың әрқайсысы жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеп, 5 жылға мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды», — делінген Петропавл қалалық соты таратқан хабарламада.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде