jasqazaq.kz

СҚО-да екі жеңіл көлік соқтығысып, үш адам жарақаттанды (Видео)

30 қараша 2021, 14:49

Петропавл маңындағы айналма жолда екі көлік соқтығысып, үш адам түрлі дене жарақатын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жол-көлік оқиғасы кеше сағат 15.30 шамасында Петропавлдағы айналма жолдардың бірінде болған. ВАЗ-21093 мен Toyota Camry автокөліктері соқтығысып, апат орнына үш жедел жәрдем көлігін және төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушыларын шақыруға тура келді.

ВАЗ көлігінің 42 жастағы жүргізушісі мен оның 36 жастағы жолаушысы ауыр жарақат алып, облыс орталығындағы емдеу мекемелерінің біріне жеткізілді. Ал Toyota-ның 28 жастағы жүргізушісіне оқиға орнында медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілді. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасына қатысты бірқатар тиісті сараптамалар жүргізіліп жатыр. Жүргізушілердің спирттік ішімдік ішкен-ішпегенін анықтау үшін олардан қан алынды. Процессуалдық шешім қабылдау үшін жиналған материал Петропавл қалалық полиция басқармасының әкімшілік бөліміне жіберілді. Полицейлер көктайғаққа байланысты сақтық шараларын күшейтуді сұрайды. Жалпы биылғы 10 ай ішінде СҚО-да 151 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 28 адам мерт болды. 206 адам жарақаттанды. Ал рульге мас күйде отырғаны үшін мыңға жуық жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ПЕТРОПАВЛОВСК КАЗАХСТАН (@dtp_sko)

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде