jasqazaq.kz

СҚО-да бүгіннен бастап орманға баруға тыйым салынды

22 мамыр 2021, 12:30

Солтүстік Қазақстан облысында орманшылар былтыр орманға зақым келтірген 200-ден астам адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты.

СҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, облыс аумағының 5 %-ын ғана орманды алқап алып жатыр. Мемлекеттік орман шаруашылықтарының міндеті – ағаш өсіру, ормандардың аумақтарын үлкейту және ағаш ауруларымен күресу.

«Біз өз міндетімізбен айналысудың орнына ормандарды қоқыстан тазартып, өртпен күресіп кеттік. Орманнан қоқысты шығаруға шаруашылықтарға арнайы қаржы бөлінбейді. Сондықтан олар техника бөліп, адамдарын орманды тазартуға шығаруға, түрлі экологиялық акциялар ұйымдастыруға мәжбүр. Бұл іс-шараларға қатысатындар да негізінен орманшылар, экологтар, табиғатты қорғау прокуратурасы, табиғатты қорғау полициясы және студенттер мен оқушылар», — дейді СҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы Қайролла Байтеңізов.

Орманға зақым келтіргендерге, қоқыс тастағандарға әкімшілік жаза бар. Айыппұлдың мөлшері 10-250 АЕК мөлшерінде. Былтыр орманға қоқыс тастаған 18 адам, ормандағы өрт қауіпсіздігі ережесін бұзған 188 адам шығынның орнын толтырып, айыппұл төледі.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде