jasqazaq.kz

СҚО-да боранға байланысты бірнеше бағыттағы жолдар жабылды

18 ақпан 2021, 17:02

Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының нашарлап, боран тұруына байланысты бірнеше бағыт бойынша автожолдарда көліктің жүруіне шектеу қойылды.

СҚО полиция департаментінің мәліметінше, 18 ақпан сағат 11.30-дан бастап «Жезқазған-Петропавл» республикалық тас жолының 595-ші шақырымынан 673-ші шақырымы — Ақмола облысының шекарасы Тоқсан би ауылына дейін және сағат 12.00-ден бастап Айыртау, Тимирязев, Шал ақын аудандарында және Ғ. Мүсірепов атындағы аудандағы облыстық маңыздағы жолдарда барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді. Облыс аумағында жел күшейіп, боран соғып тұр. Сырғыма жүріп, 50 метрден әрі қарай жолдың көрінуі нашарлады. Осыған байланысты полицейлер облыс тұрғындарына алыс сапарға, елді мекендер мен қала аумағынан шықпауға кеңес береді.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия