jasqazaq.kz

СҚО-да балық жаппай қырылып жатыр (видео)

21 маусым 2018, 12:18

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Жақсы-Жалғызтау көліндегі балықтың жаппай қырылуы тұрғындардың үрейін ұшырды

КТК хабарлағандай, куәгерлердің бірі желіде оқиғаның видеосын жариялаған «Көлге не болып жатқаны түсініксіз. Өлі алабұғалар қалқып жүр, тірілері арасында жыбырлап қояды. Көл ішінде қырылып жатыр. Балық өте көп – бүкіл жағалауда, яғни 1,5-2 километрге созылады. Мүмкін әдейі улаған шығар немесе суға бірдеңе болған», — дейді видео авторы. Қазір оқиға орнында облыстың табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының мамандары жұмыс істеп жатыр. Олар жағдайдың себебін анықтамақ. Ахуал жайында ведомствоға су қоймасын жалға алушы айтты. Ол балықтың жаппай қырылуын өткен аптаның соңында байқаған екен. Мамандар бірден аттанған. Бастапқы деректер бойынша, 80 килограмдай балық өлген, негізінен алабұға. Олардың неден қырылғаны әлі белгісіз, алайда мамандар біраз болжам жасапты. «Болжамдар әртүрлі, бірақ жақын маңдағы ауыл шаруашылығы алқаптарын улау әсер етсе керек, химикаттарды жел айдап келуі мүмкін. Нақты себебі тиісті зерттеулер жүргізілгеннен соң белгілі болады, — деп мәлімет берді СҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы жануарлар әлемі және балық ресурстары бөлімінің басшысы Ерлан Тәшімов. Оның айтуынша, су мен балық сынамасын зертханаға жіберген, нәтижесі бес күнде шығады.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді