jasqazaq.kz

СҚО-да аңшы жидек теріп жүрген әйелді абайсызда атып өлтірді

14 шiлде 2022, 10:33

Солтүстік Қазақстан облысында орманда жидек теріп жүрген әйел оққа ұшты. 52 жастағы тұрғынды аң аулауға шыққан азамат байқамай атып тастаған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, күдікті оқ тиген Алтынай Мұздақбаеваны ауруханаға өзі жеткізбек болған. Алайда әйел ауыр жарақат салдарынан жолда қаза болған. Болжам бойынша ер адам аң деп ойлап қалған болуы мүмкін. Күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

«Қылмыстық іс бойынша бірқатар сараптама тағайындалды. Сонымен қатар, жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Нәтижесі бойынша, күдіктінің іс-әрекетіне баға беріледі. Қылмыстық іс бойынша басқа да толық ақпарат Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабы тәртібіне сай жариялауға жатпайды», — деді Жамбыл ауданының прокуроры Талғат Төлегенов.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр