jasqazaq.kz

СҚО-да әкім жұмыстан қуылды

27 маусым 2018, 12:46


Солтүстік Қазақстан облысында әдеп кеңесі қоғамдық орында мас күйде жүрген Тимирязев ауданының Целинный ауылдық округінің әкімі Ақан Қойшыбаевқа қатысты тәртіптік істі қарады.

ҚазАқпарат хабарлағандай, қызметтік тексеріс материалдарына қарағанда, демалыста жүрген ауыл әкімін ішкі істер желілік бөлімінің қызметкерлері «Петропавл» стансасында ұстап, әкімшілік хаттама толтырған. Шенеунікке 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. «Қойшыбаевтың айтуынша, ол бір бөтелке сыра ішіп, содан мазасызданған. Бірақ медициналық сараптама нәтижесінде оған «орташа ауыр алкогольдік мастық» диагнозы қойылды», — дейді мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Нұргүл Қахабаева. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы қаулы заңды күшіне енген. Әдеп кеңесінің мүшелері Қойшыбаевтың әкімшілік жауапқа тартылғанына тексеріс жүргізді. Кеңес төрағасы, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев шенеуніктің бұл әрекетін Мемлекеттік қызмет туралы заңды бұзу деп бағалады. «Оның неліктен полицияның назарына іліккенін айтайын. Медициналық сараптамаға қарағанда, ол көшеде өздігінен қимылдауға шамасы келмей жатқан. Көшеде жатқан кез келген шенеунік мемлекеттік қызмет атқармауы тиіс», — дейді Ғ. Тұрсынбаев. Әдеп кеңесінің мүшелері Тимирязев ауданының әкіміне Қойшыбаевты лауазымынан босатуды ұсынды.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді