jasqazaq.kz

СҚО-да 6 жастағы бала көлік айдап, екі баланың анасын мүгедек етті

21 қантар 2021, 15:50

Көлікті айдап кеткен алты жасар бала әйелді басып кетті. Жағажайда болған апат салдарынан Дарина Тюгумбаева мүгедек болып қалды. Келіншек баланың ата-анасын жазалауды сұрады.

Апат 2020 жылдың шілдесінде Солтүстік Қазақстан облысындағы Есіл өзенінің жағасында болды. Дарина Тюгумбаеваны алты жастағы бала басқарған көлік басып кетті. Келіншек оқиғаға дейін демалушылардың бірі алты жастағы баласы көлікті еркін басқара алатынын айтып мақтанғанын естіген.

«Осыдан бірнеше минут өткен соң, артымызда тұрған машинаның іске қосылғанын естідім. 6 жасар бала көлік жүргізіп келе жатыр еді, ол машинаның рөлін қалай болса солай қозғаған. Біз әлі суға түсіп үлгермегенбіз. Басымды бұрып қараған кезде көлік бір метр жерде келе жатты. Мен де балаларым да көліктің астына түсіп кеттік. Мені дөңгелек басып кетті. Балалар дене жарақаттарын алды. Көліктің дөңгелектері аяғым мен жамбасымды жаншып кетті. 3-4 метр қашықтыққа дейін сүйреп кетті. Өліп бара жатырмын деп ойладым», — дейді Дарина Тюгумбаева.

Дәрігерлер 25 жастағы Даринаға жамбас сүйектерінің сынуы деген диагноз қойды. Екі ай бойы ол орнынан тұрға алған жоқ. Кейін оған II топтағы мүгедектік берілді. Апат кезінде балалар үш және бір жаста болған.

«Кінәлі тарап тіпті адам сияқты кешірім сұраған жоқ. Моральдық және материалдық көмек туралы тіпті айтудың өзі қиын. Мен әділеттілікті қалаймын! Ата-анасы сот алдында балаларының әрекеті үшін жауап беруі керек. Олар балаларына көлікті басқаруға рұқсат бергені үшін жазалансын», — дейді ол.

Stan.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия