jasqazaq.kz

СҚО-да 6 мыңнан астам халық тұратын 85 ауылды су басуы мүмкін

02 наурыз 2022, 13:24

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Рамиль Камалов көктемгі су тасқынына дайындық бойынша айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

СҚО ТЖД бастығы Рамиль Камаловтың айтуынша, өңірде суы тасып, арнасынан шығуы мүмкін Есіл, Чаглинка, Сілеті, Қамысақты өзендері және олардың сағалары бар. Сондай-ақ еріген қар суынан кей көлдер де жайылуы мүмкін.

«Қазгидрометтің» мәліметінше, көрсеткіштер көп жылғы деңгейде, кейбірі, мәселен, топырақтағы күзгі ылғал 39 %-ға төмен. Сергеев су қоймасы 78,6 %-ға толған, бұл былтырғы деңгейден 11 %-ға төмен. Көктемде шамамен 1080 млн текше метрге толады деп жоспарлап отырмыз, бұл жылдағыдай көрсеткіш. Сілеті өзенінде ылғал қоры биыл әдеттегіден 25 %-ға артық. Бұл болжам қолайлы, десек те, көктем жауынды-шашынды болады деп күтілуде. Яғни көктемгі су тасқынына әсер етуі мүмкін», — дейді Рамиль Камалов.

СҚО-да қолға алынған іс-шаралардың нәтижесінде 170 елді мекеннен су басу қаупі алынды. Қазіргі уақытта қызыл судың жолында тұрған 85 елді мекен бар. Бұл — 6068 тұрғыны бар 1872 үй. Бұл елді мекендердің 30-ы өзендердің тасуынан, 13-і көл суының көтерілуінен және 42-сі еріген қардан су астында қалуы мүмкін.

«Облыс әкімі көктемгі су тасқынына дайындық, өткізу және облыс аумағында ықтимал залалды азайту жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарын бекітті, оның аясында су тасқыны қатерінің алдын алу бойынша алдын ала жұмыстар атқарылып жатыр. Бүгінгі күні елді мекендерден 463 мың текше метр қар шығарылды. 3-4 наурыз күндері «Көктем — 2016» республикалық командалық-штабтық оқу жаттығуы өтеді. Аудандардың, мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау күштері мен құралдарының дайындығы тексеріледі», — дейді департамент бастығы.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде